Сарбаз

"Дариға дәурен" әнін нақышына келтіріп айтқан сарбаз елді сүйсінтті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ән салған сарбаздың видеосы тарады. Өзге ұлт өкіліне ұқсайтын жігіт қазақтың әнін нақышына келтіріп орындап тұр.

Бұл туралы видео Instagram-дағы aktobe_tv04 парақшасында жарияланды деп, хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада бір бөлменің ішінде шара өтіп жатыр. Өзге ұлт өкіліне ұқсайтын жігіт "Дариға дәурен" әнін шырқап тұр.

Аққу-қаз әуелейді қалықтаған,

Қайтейін қанатым жоқ қалып барам.

Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге,

Жылатып жалғыз қалай алып қалам,

— деп әндетеді жігіт.

Айнала қоршаған сарбаздар әнді ұйып тыңдап отыр. Жігіт кәсіби әншіден кем емес. Әнді әуелетіп, нақышына келтіріп шырқайды.

Ән айтқан жігіт әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті. Бірі "Жарайсың жігіт", "Дауысы керемет" десе, енді бірі "Аман бол, отбасыңа аман-есен жет", "Алла бағыңды ашсын, жүректен шыққан әуен" деп ризашылығын білдірген.

Алайда бейнежазбаның қашан, қай жерде түсірілгені белгісіз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров