Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген Германияда концерт береді

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Германияға келді. Оны әуежайдан тыңдармандары зор ықыласпен қарсы алды.

Димаш өзіне ойыншық сыйлаған кішкентай жанкүйеріне көзілдірігін тарту етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Германияға аман-есен жеткенін әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбадан Димашты күтіп алған жанкүйерлердің ыстық ықыласын байқауға болады.

Олар әншіні құшақтап, шапалақ ұрып, қошемет көрсетіп жатыр. Арасында Димаш Құдайбергенге сыйлық бергендер де бар. Өз кезегінде әнші де мәрттік танытып, көзілдірігін кішкентай тыңдарманына тарту етеді.

Германияға тобымызбен аман-есен жеттік. Күтіп алған барша жанкүйерлерге рахмет айтамын. Ертең концертте көріскенше,

— деп жазды Димаш Құдайберген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров