Көпір

Алматы облысында құны 2 млрд болатын өткелдің құрылысы 2 жылдан бері тоқтап тұр

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Алматы-Бішкек тасжолындағы өткелдің құрылысы 2 жылдан бері тоқтап тұр. Оны салуға бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген.

Өткелдің жоқтығынан тұрғындар ұзынсонар көлік кептелісінде тұруға мәжбүрміз дейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеодан кадр

"Хабар 24" сайтының жазуынша, Алматы-Бішкек күре жолындағы өткелдің құрылысына 2020 жылы 2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ содан бері мұнда ешқандай жұмыс жүргізілмепті.

Кесірінен Райымбек және Кемертоған ауылының тұрғындары басын бәйгеге тігіп, Республикалық трассаны кесіп өтуге мәжбүр. Соның салдарынан жаяу жүргіншіні қағып кететін апатты жағдайлар жиі болады екен.

Біреуі тоқтаса, біреуі тоқтамайды мына жерден, апат та болып жатыр, қағып кетіп жатыр". "Өткел болғаны дұрыс қой жолдан өткенге. Мынадай қауіпті жағдай, көліктер көп, өткенде кептеліс болып қалады,

— дейді тұрғындар.

Жолаушыларға арналған жерүсті өткелінің құрылысы 2020 жылы басталған екен. Оған қазынадан 2 миллиард теңге бөлінген. Бірақ "Дәулет дорстрой" мердігер компаниясы ақшаны алғанымен, құрылысты соңына дейін жүргізбеген.

"Жоспар бойынша алдыңғы мердігер компания осы 2022 жылдың ішінде бітіруі керек болған. Бірақ сол 2021 жылдың өзінде олар жұмыс қарқыны дұрыс жүрмегендіктен біз келісім-шартты үзуге тиісті болдық. Енді көптеген өзінің себептері бар. Өздеріңіз білесіздер осы таңда пандемия бар, соған байланысты көптеген құрылыс материалдарының бағасы қымбаттап кетті", — дейді "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрқат Ақылтаев.

Ақылтаевтың айтуынша, қазір өткелдің жоба құны қайта есептеліп жатыр.Әзірге тоқтап қалған жұмысты қай компания жасайтыны белгісіз.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров