Махаббат

Саябақта сүйіскен қыз бен жігіт көптің ашуын туғызды

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Қоғамдық орында сүйісіп отырған қыз бен жігіттің әрекеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Тапа-тал түсте құшақтасып отырған олар ешкімнен қымсынбайды.

Бейнежазбаның қай қалада түсірілгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Саябақта аймалысып отырған қыз бен жігіттің әрекеті көптің ашуын туғызды. Қасиетті айда көптің көзінше сүйісіп отырған оларды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған.

Бейнежазбадағы қыз бен жігіттің кім екені әзірге белгісіз. Тапа-тал түсте жабысып отырған оларды желіде сынап жатқандар көп.

"Оразаға қарамайтын неғылған махаббат бұл", "Қоғамдық орында сүйіскені үшін айыппұл салу керек. Қатты қалап жатса басқа жерге неге бармайды?", "Қазіргі жастарда ұят жоқ. Оларға ораза, анау-мынау деген өтпейді", "Ата-анасының берген тәрбиесі осы болса, қайтесің?! Ұяттан жұрдай екен", "Видеоға түсіргенше неге ескерту жасамадың? Осындайларды қоғам болып өзіміз тәрбиелеуіміз керек", — деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров