Ақтөбеде ауыл тұрғындары екі аптадан бері қатынассыз отыр


Видеодан кадр
Ақтөбе облысы Темір ауданы Жамбыл ауылының тұрғындары су тасқынынан кейін қатынассыз қалған.
Бұл туралы Instagram-дағы zello.aktob парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бейнежазбада су шайған көпір көрсетіледі. Автор ауылда екі аптадан бері қалаға жол жоқ екенін айтады.
Ауыл тұрғындары екі апта болды, шыға алмай отыр. Ал екінші көпірден өту мүмкін емес. Қалаға қарай бұдан басқа жол жоқ,
Оқи отырыңыз:
Аталған мәселенің анық-қанығын білмек болып аудан әкімінің орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаеваға хабарластық.
Оның айтуынша, қазір қатынас бар.
Көпір 2011 жылы салынған. Қалыпты жағдайда тұр. Су шетіндегі құмды шайып кеткен. Ол жерге құм төселіп, нығайтылады. Жалған ақпарат таратып, елді дүрбелеңге салу заңмен жазаланады. Тұрғындар осы мәселені ескерсе екен,
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу