Newscorr

Сәтбаев қаласында бұралқы иттер халықтың зәресін алып жүр

Экспресс К

facebook

Қала тұрғындары бұралқы иттер қабаған болып кетті дейді. "Бесінші мектеп" ауданындағы тұрғындар бала тұрмақ, үлкен адамдар осы иттерден қорқатындарын айтып отыр.

Newscorr сервисіне фото жіберген тұрғынның айтуынша, қаңғып жүрген иттер балаларды талай рет қуған, деп хабарлайды Экспресс К.

Дүкенге бара алмай қалдық. Дүкен былай тұрсын, үйіміздің ауласына шыға алмайтын жағдайға жеттік. Қаңғырған иттер көбейіп кетті, олар аш, қабаған. Балаларға сан мәрте шабуыл жасаған. Мекен-жайымыз: Гурбы,31, 5-мектептің маңайы, "Алешка" дүкені,

— деп жазған фото авторы.

© Newscorr

Жалпы, бұралқы иттер бұл қала тұрғындарының мазасын алғалы көп болған. 2020 жылдың қарашысында бір үйір қаңғыбас ит алты жасар қызды талап өлтірген еді.

Ал, жуырда, 2022 жылдың 16 наурызында Сәтбаев қаласында 26 жастағы ер адам бес итті атып өлтірген. Полицияға түсініктеме берген ол қаңғырған иттен қорыққан танысы өтініш айтқан соң аттым деген еді.

Бұдан өзге, еріктілер Сәтбаев қаласының мал дәрігерлік қызметі иттерді аса жауыздықпен өлтірді деп айыптаған. Олардың айтуынша, алты жасар қыздың өлімінен кейін ветқызмет мамандары бұралқы иттерді де, тұрғындардың үйде асырап отырған иттерін де есепсіз өлтіре беретін болған.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров