Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші жігіт таба алмай жүрген қыздарға кеңес берді

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com/diana_kyrykbay

Елімізге танымал тележүргізуші Диана Қырықбай жігіттермен қалай оңай танысуға болатынын айтты.

Бұл туралы видеоны жүргізуші өзінің TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жүргізуші жігіттермен қалай танысуға болатынын сұрап, хат жазатын қыздардың көп екенін айтады. Осыны ескерген ол жігіттермен танысатын оңай "лайфхакты" айтып берді. Бұл әдісті жүргізуші бірнеше жыл бұрын пайдаланыпты. Оның айтуынша, құрбылары өзінен бірнеше, тіпті сегіз жасқа үлкен екен.

Біз барға, клубқа барған кезде олар айтатын "Диана сен ортамыздағы ең жасысың, пысықсың, біреумен таныс. Болмаса біздерге қызықсыз болып кетті" дейді. Осы кезде мен өзіме "образ" құрастырып аламын,

— дейді жүргізуші күліп,

Осылайша ол өзі ойдан құрастырған 19 жастағы, әрі жігітпен таныса алмайтын ұялшақ Айгерім есімді қыздың бейнесіне енеді.

"Көрші үстелде көрікті жігіттер отырса, оларға "Қалада қай жерге барып қыдыруға болады? Біз Шымкенттен келіп едік, қаланы дұрыс білмейміз" деп, айтамыз. Осы кезде олар " Шымкенттенсіздер ме? Сіздерге керемет жерлерді көрсетеміз" дейді. Сол күні қыдыртады, ертеңіне Шымбұлаққа, Көктөбеге апарады. Кештің соңында шындығымызды айтып, әрі қарай жақсы сөйлесіп кетеміз, — дейді жүргізуші.

Диана ұялшақ, жігіттермен таныса алмайтын қыздар осы әдісті қолданса, жақсы нәтиже беретінін айтады. Ең бастысы әртістік қабілет болуы керек. Яғни ойдан құрастырылған рөлді алып шығу қажет.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі "Не деген сарапшысың", "Күшті бірдеме айта ма деп күтіп отырсам" деп ренішін білдірсе, енді бірі "Қыдыртады деп артынан еріп кетсек, ол да болмас" деп сақтық танытқан. Ал бірі "Жігіттерге Шымкенттің қыздары ұнай ма?" деп пікір қалдырыпты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров