Бердібек Сапарбаев

18 жыл әкім болған Сапарбаев енді немен айналысатынын айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

Бердібек Сапарбаев

7 сәуір күні Жамбыл облысының әкімі ретіндегі қызметін аяқтаған Бердібек Сапарбаев алдағы жоспарымен бөлісті.

Ол кеше Таразда жергілікті тілшілерді жинап, сұхбат берген, деп хабарлайды Экспресс К.

Экс-әкім экономика ғылымдарының докторы екенін айта келе алдағы уақытта жастарға дәріс оқуды қалайтынын айтты.

Бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің ректорымен жолыққанда қызметтен кеткенде студенттерге сабақ беремін дегенмін. Сондықтан 0,5 ставкіде университетте ұстаздық еткім келеді,

— деді Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, 69 жастағы экс-шенеунік бұған дейін де талай рет зейнеткерлікке шыққанда студенттерге дәріс бергісі келетінін айтқан.

Өзім экономика ғылымының докторы, профессормын. Қызылордада, Шымкентте, Өскеменде студенттерге дәріс оқыдым. Қазір де Ақтөбеде экономиика жағынан қосымша сабақ беремін. Зейнеткерлік демалысқа аман-есен шығатын болсам, жастарға сабақ берсем деймін,

— деген ол Ақтөбеде жүргенінде.

Бердібек Сапарбаев жамбылдықтармен қоштасу кезінде бұл өңір ерекше есте қалатынын да айтты. Тұңғыш ұлы осыдан 20 жыл бұрын Тараз өңірінде жол апатына түсіп, қаза тапқанын да еске алды. Экс-әкімнің марқұм ұлы Бауыржан Сапарбаевқа қаза тапқан жерінде белгі орнатылған.

Бердібек Сапарбаев 1995-2022 жылдар аралығында еліміздің бес облысына әкім болған. Бұл жағынан ол рекорд иесі. Жалпы, министрліктегі қызметтерін есептегемегенде тек әкім ретінде Сапарбаев 18 жыл креслода отырған.

Бұған дейін Жамбыл облысының жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалғанын жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров