Даниал Ахметов

Даниал Ахметов: "Семейге 354 миллиард бөліп, адам танымастай өзгерттік”

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Семейге қатысты айтқан сөзі ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Облыс әкімінің бұл сөзін күлкіге айналдырып, келемеждеп жатқандар көп.

Олар желідегі оқырмандарына "Семейді танымай қалғандар бар ма?" — деп сауал тастаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Семейге қанша қаржы бөлінгенін Даниял Ахметов облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында айтқан.

©semey.city/foto©semey.city/foto
©semey.city/foto

"Семей өңіріне шамамен 354 млрд теңге шамасында инвестиция салынғанын атап өткім келеді.Тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуналдық және жол-көлік инфрақұрылымы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Өзекті экологиялық мәселені шешкен дюкерді жөндеу, елдегі алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі бар ядролық медицина орталығын іске қосу, Қарағайлы жаңа шағын ауданын, көп бейінді спорттық-мәдени кешенін салу және әуежайды қайта жаңарту тағы басқалары табысты мысал бола алады. Жылдар бойы мәселелері қордаланған Семей қаласы бүгінде танымастай өзгерді, — деді Даниал Ахметов.

Әкімнің сөзін Facebook парақшасында журналист Қуаныш Рахметоллаұлы жариялады. Сол-ақ екен әкімнің айтқанын сан-саққа жүгіртіп, келемеждеп жатқандар жетерлік.

"Ахметов байиды екен ғой! Форбсқа енді келіні кіретін шығар!", "Семейді қалпына келтіру үшін кемі екі миллиард доллар керек", "Өзгерген түгі жоқ. Сол баяғыдай, азып-тозып кеткен Семей", "Мәә, Семейге барып танымай өтіп кетпесек болды", "Адам танымастай өзгерген Семей басқа Қазақстанда шығар", "Өтірікті беті бүлк етпей қалай айтты екен?", — деп түрлі жазды желі қолданушылары.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров