Той

"Сискамды ұнатады". Тойдағы әйелдің сөзі жұртты ду күлдірді

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде кешке келген қонаққа асабаның ерсі сұрақ қойған бейнежазбасы тарады.

Видео Instagram-дағы kyzdarga_kenes парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада кеш жүргізіп тұрған асаба ортаға шыққан әйелден "Күйеуіңіз сіздің қай жеріңізді ұнатады" дейді. Ал ол "сискамды" деп жауап береді. Әйелдің сөзінен асабаның өзі ұялып қалды. Ал кешке келген қонақтар күлкіге қарық болды. Тіпті біреулері бетін басып күліп жатыр.

Бұл көрініске әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі "Дардай қатын. Жынды ма?" деп әйелді кінәласа, енді бірі "Не сұрақ мынау? Апама жездем сай деген осыларға айтылған", "Сауап болды бұл балаға", "Асабалар күлдіремін деп адам ұялататындай қылық көрсетеді" деп асабаның әрекетін сынған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров