GGG

Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді

Ержан ШАЙЖАН

©AP/Shuji Kajiyama

Жапонияның Сайтама қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз Геннадий Головкин жеңіске жетті. Ол қарсыласын нокаутпен ұтты.

Бокс кешінде ине шаншар орын болған жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Головкин — Мурата кездесуі екі мемлекеттің әнұранымен басталды. Алғашқы раундтарда Головкин бірнеше рет сәтті комбинация жасап, қарсыласын тұқыртты. Көбіне GGG Муратаны джеп соққыларымен ұрып, есін шығарды.

©AP/Shuji Kajiyama©AP/Shuji Kajiyama
©AP/Shuji Kajiyama

12 раундтық жекпе-жекте Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратадан айласын асырды. 9 раундта ол қарсыласына ауыр соққы жіберіп, нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super белбеулерінің иесі атанды. Бұл жекпе-жектен GGG 14, ал Мурата 4 миллион доллар алғанын айта кетейік.

©AP/Shuji Kajiyama©AP/Shuji Kajiyama
©AP/Shuji Kajiyama

Енді Головкин "Канелоға" қарсы жекпе-жегіне дайындалуы мүмкін. Ол үшін мексикалық боксшы мамырдағы айқасында жеңіске жетуі тиіс. Сарапшылардың пікірінше, трилогияның нүктесі қыркүйекте қойылады.

Экспресс К Геннадий Головкин туралы үздіксіз бірнеше материал жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров