Қазанама

Ақын Исраил Сапарбайдың жары өмірден озды

Экспресс К

Белгілі ақын Исраил Сапарбайдың жары дүниеден өтті.

Қаралы хабарды ақын Қазыбек Иса өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Көрнекті ақын, лирика дүлдүлі Исраил Сапарбай ағамыз да асыл жары Жұпар жеңгемізден айрылды. Алла ардақты жеңгеміздің алдынан жарылқасын дейміз. Жұпар жеңгей атына сай жаны жұпар жан еді. Бір жылдай ауырыпты. Аты жаман ауру ақыры алып тынды. Жан жарын Исраил көкеміз Түркияға дейін алып барып, талай жерде қаратты. Бірақ Алла үкіміне амал жоқ! Алды пейіш, арты кеніш болғай дейміз. Жаны жайсаң жеңгеміз Ақынға жар бола білудің жарқын үлгісін көрсетіп кетті. Шайырдың шабытына тұсау салмай, қанатын кеңге жайып, қияға еркін самғауына бар жағдайын жасап, бабын тапқан, мейірлі жүзіне шуақ үйірілген ақпейіл жан еді. Аяулы жар бола білген Жұпар жеңгеміз жыр жүйрігі Исраил ағамыздың ел жатқа білетін, халық қазынасына айналып кеткен талай маржан жырлары мен әсем әндері дүниеге келуіне себепкер болып, шабыт отын тұтата білді, — деп жазды Қазыбек Иса.

Экспресс К ұжымы да қазаға қайғырып, марқұмның жақындарына көңіл айтады.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров