Украина

Зеленский ЕО-ға жылдам қосылу туралы құжат алды

Экспресс К

©AP/Adam SCHRECK

Украинаның Еуроодаққа кіру туралы өтінімі таяу уақытта қаралады.

Euronews-тің мәліметінше, Украина ЕО-ға мүшелікке келіссөздерді бастау үшін сауалнаманы толтыруы қажет. Еурокомиссия тиісті қорытындыны жазда әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Еуропалық дипломаттардың басшысы Жосеп Боррель ЕО Украинаға әскери қылмыстар туралы дәлелдер жинау және ұсынуға жеті миллион еуродан астам қаражат бөлгенін айтты. Бұл деректер Халықаралық қылмыстық сотқа жолданады.

"Құрметті Владимир, бұл конверт — ЕО-ға мүше болуға маңызды кезең. Бұл сауалнама біздің алдағы апталардағы келіссөздеріміздің негізі. Осы жерден Еуропа мен Еуропалық одаққа баратын жол басталады. Тығыз жұмыс істесек, менің ойымша, бұл әдеттегідей бірнеше жыл емес, бірнеше апта ішінде жасалады. Бұл сізге, қымбатты Владимир", — деді Урсула фон дер Ляйен Украина президентіне құжаттарды табыстап тұрып.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров