GGG

Головкинге жанкүйер қарияның қылығы жұртты сүйсінтті

Экспресс К

Видеодан кадр

Головкиннге жанкүйер болған атаның қылығы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Головкин мен Муратаның жекпе-жегін теледидардан тамашалап отырған ата, орнында шыдап отыра алмады, деп жазады Экспресс К.

Ол Головкиннің әр соққысына риза болып, "Жарайсың", "ұр", "иектің астанан ұр" деп жан ұшырып айқайлап, қолдау көрсетті.

Жапонияның Сайтама қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз Геннадий Головкин жеңіске жетті. Ол қарсыласын нокаутпен ұтты.

Енді Головкин "Канелоға" қарсы жекпе-жегіне дайындалуы мүмкін. Ол үшін мексикалық боксшы мамырдағы айқасында жеңіске жетуі тиіс. Сарапшылардың пікірінше, трилогияның нүктесі қыркүйекте қойылады.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров