Жемқорлық

Алматы қалалық денсаулық сақтау саласында жемқорлық дауы өршіп тұр

Экспресс К

ӨКҚ Алматы

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарының қызметкерімен сыйлықақыға қатысты сөзге келііп қалғаны туралы видео тараған болатын.

Алматы әкімдігі Лаура Мырзағалиға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бір жыл жұмыс істедім, денсаулық жағдайына байланыс еңбек демалысы үшін қатаң сөгіс алдым. Әнуар Қанатұлы да сөгіс алды, себебі қызметкерлер құжатты дұрыс реттемеген. Сондықтан бізге екі-үш сыйлықақы береді, болды. Сендер алтыдан аласыңдар, біз екеу аламыз. Соған жинайды. Түріңді олай жаман етпе. Тоқта, Қарлығаш. Сендерге қазір түсті, түстен кейін тағы түседі, екі рет түседі. Сендерге жеті айлықтан жаздық. Түсіндің бе?", — дейді видеода Лаура Мырзағалиға ұқсайтын адам.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері видеодағы әйел адам расында Лаура Мырзағали екенін айтты.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали істің мән-жайы толық анықталғанға дейін қызметінен шеттетілді,

— делінген хабарламада.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров