Мәйіт
Қарағандыда пакетке салынған сәбидің мәйіті табылды


Pixabay
Қарағанды тұрғыны өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алған.
Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді, деп хабарлайды Экспресс К Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері денесінде пакетте зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың мәйіті екенін анықтаған. Қазіргі уақытта оқиға орынына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100 "Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу