АҚШ
Қазақстанның елшісі АҚШ президентімен кездесті


ҚР СІМ баспасөз қызметі
Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның барысында қазақстандық дипломат Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті, — делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу