Бердібек Сапарбаев

"Бұлай болады деп ойламаппын". Бердібек Сапарбаев қоштасарда көзіне жас алды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Видеодан кадр

Бейсенбіде Жамбыл облысының әкімі қызметінен кеткен Бердібек Сапарбаев сенбіде Әулие ата жерінен астанаға аттанды. Тараз әуежайында экс-шенеунікті шығарып салуға біраз жұрт жиналды.

Ұшаққа мінер алдында көпшілікке алғысын айтқан Бердібек Сапарбаев көзіне жас алды, деп хабарлайды Экспресс К

Жамбыл облысын 2 жылдан астам басқарған Сапарбаевпен қоштасуға түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ардагерлер мен қоғам белсенділері жиналды. Шығарып салушылар өңірдің бұрынғы әкіміне сәттілік тілеп, естелікке сыйлықтар тарту етті. Жамбылдықтармен қоштасарда Бердібек Сапарбаевтың көңілі босап кеткені байқалды.

Қоштасу сөзінде Бердібек Сапарбаев әулиеаталықтардың көрсеткен көңілі мен ниетіне алғысын білдірді. Және ол өз тағдырында мұндай жағдай болады деп ойламағанын айтты.

Шамам келгенше Қазақстан үшін еңбек еттім. Өмірімде ойлаған жоқпын осындай дәрежеге жетемін деп,

— дейді Бердібек Сапарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Бердібек Сапарбаев 7 сәуірде Президент жарлығымен Жамбыл облысының әкімі қызметінен кеткен болатын. Оның орнына Нұржан Нұржігітов келді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров