Аллажар
Түркістанның көгінде көрінген арабшаға ұқсас жазу көпшілікті таңғалдырды


Видеодан кадр
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазу "Алла" дегенді білдіреді деп отыр.
Желі арқылы тараған бейнежазба Төле би ауданында түсірілген көрінеді, деп хабарлады Экспресс К.
Видеодан аспанда тұрған бір шөкім бұлттың өзі арабша жазуға ұқсас екенін көруге болады. Ал бұл бейнежазбадағы көрініске желі қолданушыларының бірі қайран қалса, енді бірі сенімсіздік білдірді.
Оқи отырыңыз:
"Иә, бұл — арабша Алла деген жазу. Құдайдың бір белгісі ғой", "Мен осы ауданда тұрамын. Шынымен осы жазуды көрдім. Алла аспанымызды ашық қылсын", "Өтірік видео секілді"
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу