"Жөні дұрыс маман жоқ" деген ресейлік қазақша кешірім сұрауға мәжбүр болды


instagram.com/alexanderorlovbulldozer
Bulldozer Group холдингінің президенті Александр Орлов Instagram-дағы парақшасында қазақ және орыс тілдерінде жазба жариялады.
Жазбасы қызу талқыға түскен кәсіпкер осыншама қазақстандықтың әлеуметтік желіде "достығында" бар екеніне таңданғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Орлов Қазақстанға үлкен ықыласпен инвестиция салатынын атап өтті. 2012 жылдан бастап оның компаниясы біздің азаматтарға 750-ден астам жұмыс орнын ұсынған. Жыл соңына дейін тағы 150 жұмыс орнын ашпақ ниетте.
"Мен Қазақстанды, оның салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы көремін, мұнда көптеген достарым мен серіктестерім бар. Мен бүкіл балалық шағымды осы елде өткіздім, кейде өзім де қазақпын деп ойлаймын. Қымыз, бешбармақ және қазыны жақсы көремін. Қазақстан — көпұлтты ел. Мен ешкімге зиян келтіргім келмеді. Егер біреуді ренжітсем, кешіріңіздер", — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


Оқи отырыңыз:
- СІМ: Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды
- Қазақстанның елшісі АҚШ президентімен кездесті
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік кәсіпкер Орловтың Қазақстанда жөнді маман жоғын айтып, елдің ашуына тигенін жазған едік.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу