Ішімдік

Алматыда мас бойжеткен көлігімен қатарынан бірнеше рет жол апатын жасады

Экспресс К

Pixabay

Спирттік ішімдікке сылқия тойған сылқым түнгі клубтан шыққан екен.

InAlmaty.kz-тің жазуынша, ішіп алған қыздың спорттық көлік тізгінінде болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткен түнгі клубтан шыға сала BMW көлігімен соғысқан. Бірақ онымен тоқтамапты. Артынша Шевченконың бойында келе жатып, таксиді соққан. Жол апаты салдарынан онда отырған бірнеше жолаушы жарақат алды. Бұл апаттан кейін де мас қыз көлігімен кете берген екен. Содан соң бағдаршамға тоқтаған тағы бір автокөлікке барып соқтығысқан.

Бойжеткен көлігімен Абай көшесінің жоғары жағына қарай жүйіткіп келе жатқан. Сөйтіп, жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Полицейлер мас қыз мінген көлікті сол кезде тоқтатты. Жүргізуші біраз қарсылық білдірді,

— дейді полициядағылар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров