Ақнәр Ардақ

Олимпиадаға қатысқан Ақнәр Ардақ қытайлық шәкіртін көрсетті

Бек ТӨЛЕУОВ

©AP/Ashley Landis

Бейжіңде өткен қысқы Олимпиадаға қатысқан Қытай құрамасындағы этникалық қазақтардың бірі Ақнәр Ардақ шәкіртін көрсетті.

Әлеуметтік желіде қандасымыздың қытайлық жігітпен түскен видеосы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

TikTok желісінде тараған видеода Ақнәр Ардақ жігітін көрсетті деп жазыпты. Ал шын мәнінде ол жолдан шәкірт тауып алдым деп айтқан.

Айта кетейік, Ақнәр Ардақ 1999 жылы 1 маусымда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Құттыби уезінде дүниеге келген.

23 жастағы Ақнәр конькимен жүгіру спортына шорт-тректен келген. Ол — қазірдің өзінде көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Ұлты қазақ спортшы Бейжіңде 1500 және 3000 метрге жүгіруден 17-орын алды.

Бұған дейін Қытай құрамасында өнер көрсеткен қазақтар туралы жазғанбыз.

Сонымен қатар жат елде жүріп жарқыраған ұлты қазақ спортшылар туралы да мақала шықты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров