"Салтымыз қор болды". Қызылордалық жігіт беташарға ақшаны шұлығынан алып салды


Видеодан кадр
Жаңақорғанда өткен беташарға келген күйеу жігіттің досы қонақтарды күлкіге қарық қылды.
Жас жігіттің әрекеті жазылған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.
Шадияр есімді жігіт асаба шақырғаннан-ақ ортаға ерекшеленіп, билеп шығады. Сосын өзіне сәлем салған келіннің қасында ақшасын таппағандай біраз тұрып қалады. Кейін аяқ киімін шешіп, теңгесін шұлығының ішінен алады. Сөйтіп, шұлықтан шыққан ақшасын келінге де, асабаға да үлестіреді. Асаба Шадиярдың бұл әрекетін әбден күлкі қылады.
Ананың табанының астында жұмақтың кілті бар дейтін еді. Сенің табаныңда ақша бар екен. Табаның ләззат алып жатқан шығар. Шұлығыңды да салып кете салсай,
Оқи отырыңыз:
Ал желі қолданушыларының арасында бұл жағдайды сынағандар да болды.
"Салтымыз қор болды. Бұл деген сұмдық қой", "Масқара, ең болмаса, сол жердегі үлкендер қой деп айтпай ма?"
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу