Мәжіліс депутаты базардағы бағаны көріп шошыды


facebook.com/Жанарбек Әшімжан
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан демалыс күндері елорданың базарларын аралап, ондағы бағаларды бағамдап қайтыпты. Сондай-ақ ол саудагерлер мен тұрғындардың пікірін тыңдап шыққан.
Халық қалаулысы базардағы бағаның аспандап кетуіне қарсы еш шара қолдана алмай отырған мемлекеттік органдарды сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К
ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!
Бұл туралы Жанарбек Әшімжан Facebook-тегі жеке парақшасында жазған. Нарықтағы жағдайды көзбен көрген депутат жағасын ұстапты.
Баға удай. Күнделікті тұтынатын ет-сүт, картоп, сәбіз, пияз, көкөніс, күнбағыс майы, макарон бағасы еселеп барады. Наурыз айында баға 13 пайызға өсіп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті,
Оқи отырыңыз:
Депутаттың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі тапсырмасы орындай алмай отыр.
Ауыл шаруашылығы , Сауда және интеграция министрліктері де, Монополияға қарсы күрес агенттігі де, аймақтық әкімдіктер де жағдайдың алдын ала алмай отыр. Министрліктер бір-біріне сілтейді. Үкіметтік ведомстволардың арасында өзара үйлесім жоқ,
Жанарбек Әшімжан осы салаға жауапты Премьер-министр орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың мәжіліс депутаттарының нақты сұрақтарына жауап бере алмағанын сынаған. Депутат "Базардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасы инфляция өсімінен де асып кеткен"- дейді. Мамандардың есебінше, күнбағыс майы 36,7 пайызға, қант — 34,8 пайызға, картоп — 21,8 пайызға, жеміс-жидек — 19,9 пайызға, макарон өнімдері — 22,7 пайызға, жұмыртқа 10 пайызға қымбаттаған.
Мәжілістегі "Үкімет сағатында" да, пленарлық жиында да баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі "мұның бәрі уақытша, жағдай реттеледі" дейді. Баға реттеліп болғанша халықтың төзімі таусылып бітетін болды,
Депутат бағаның өсуіне түрткі болған бірқатар мәселелерді де атап өтті. Оның айтуынша, кейбір сарапшылар мұндай жағдайға жанар-жағар майдың қымбаттауы әсер етті деп есептейді екен. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы құнының 20 пайызға, тыңайтқыш бағасының 50 пайызға өсуі де қымбатшылыққа әкеліп отыр.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу