"Қатты нәжіс" сатылып жатыр". Өскемен дүкеніндегі тауар талқыға түсті


facebook/Ермек Құрманғалиев
Өскеменге Ресейден әкелінген орындықтардың қораптарындағы "Табурет CTRONG" деген жазу қазақшаға "Қатты нәжіс" деп аударылған.
Қала тұрғыны Ермек Құрманғалиев Facebook желісіндегі парақшасында осы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
"Өскеменде Ресейдің кәкүр-шүкір тауарларын сататын дүкен бар. Кейбір шаруашылық тауарлары болмаса, азық-түліктері жеуге жарамсыз, дәмсіз бірдеңе. Ал мынау — сол дүкенде сатылып жатқан орындық. Табуретка. Аудармасының кейпін қараңыз. Сонда "атауы біртүрлі" тауарларды шекарадан кіргенде қадағалайтын ешкім жоқ па?", — деп жазады ол.
Оқи отырыңыздар:
Осы жазбаны бөліскен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті Максим Рожин де мағынасыз аударманы мысқылдады.
"Жұмсақ нәжіске көңілі толмағандар, қаттысынан көріңіздер. Қайда сатылып жатқаны табылды... P.S: Өскемендегі дүкеннің біріндегі аударманың сиқы", — деп жазды М.Рожин.
Facebook-тің басқа қолданушылары да бұл аударма туралы "Сұйық нәжістің бағасы қанша болып тұр екен?", "Рұқсат беріп, мөр басқан адамға айыппұл салу керек", "Шынымен, түбіне жетіп тексеруді талап етіп тұрған тауар екен" деген секілді пікірлер қалдырды. Енді бірі Яндекс-аудармашының табуретканың қазақша баламасын "нәжіс" деп тәржімалағанын айтыпты.
Бұған дейін Түркістанның көгінде көрінген арабшаға ұқсас жазу көпшілікті таңғалдырғанын жазған едік.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.