Newscorr

Алматыда жас келіншек 10-шы қабаттан секіріп кетті

Экспресс К

© Newscorr

Куәгерлер жантүршігерлік оқиғаның Алма-Сити тұрғын үй кешенінде болғанын айтады.

Бұл туралы ақпаратты Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдады.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, жас келіншек тұрғын үйдің панорамалық терезесінен құлаған. Қазір ол жерде полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кейбір тұрғындар келіншек терезені жуып жүріп құлап кетті дегенді айтып жатыр.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Полиция департаментіндегілердің мәліметінше көз жұмған келіншек небәрі 32 жаста. Сондай-ақ қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс басталған.

Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір себептері анықталып жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды,

— деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров