Қайырымдылық

Сүйектері өспейді. Жетідегі жеткіншек екі жасар бала секілді болып қалған

Экспресс К

Орал қаласының жеті жасар тұрғыны Қайратқа үнемі ем-дом қажет. Бала өспей қалған, сөйлей алмайды, психомоторлы дамуында тежеліс бар. Анасы оған сөйлеуді, өз бетінше киінуді үйретуге тырысып жүр.

Нұрсұлу сәуір айының аяғында ұлын Орынборға тіл дамыту курсына апаруы керек, бірақ оған қаржылық жағдайы келмей отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайратқа қойылған диагноз — ахондроплазия. Бұл дертке шалдыққандардың аяқ-қолдары өспей қалады. Жақында бала жетіге толған. Анасы оның бойының қысқа болып қалатынына амалсыз көнген. Қазір Нұрсұлудың ең басты мақсаты — Қайратты өз бетінше киінуге, тамақ ішуге, сөйлеуге үйрету. Тағы бір қиыны — бала гидроцефалиямен де (басқа су жиналу) ауырады.

Орынборға, Нұр-Сұлтанға, Алматыға оңалтудан өтуге бардық. Қазір оның аз да болса ұғыну қабілеті пайда болды. Біз бес курстан өттік. Кейін карантин басталып, курсты тоқтатуымызға тура келді. Ақша да болған жоқ. Емделуге бармағанымызға — екі жыл,

— дейді Қайраттың анасы Нұрсұлу Бекқарнаева.

Оралда, өкінішке қарай, микортоктық рефлексті терапия жоқ екен. Ол баласын психологтарға, логопедтерге, дефектологтарға апарып жүр. Бірақ бұл аздық етеді.

Орынбордағы бір курстың құны — 700 000 мың теңге. Оның сыртында жол, жататын орын, тамақ және дәрі-дәрмек шығыны тағы бар. Дегенмен, бастысы, бұл ем-домның оң ықпалы бар.

5 курстан кейін балам сандарды атай бастады, сөз түсінеді. Тек тоқтап қалмауымыз керек. Себебі ол мұны да ұмыта бастайды. Жақында мектепке баруы керек. Сондықтан әлі бірнеше курстан өтуіміз қажет. Қолы қысқа болғандықтан, киініп-шешіне де алмайды,

— дейді шарасыз ана.

Ахондроплазия — генетикалық ауру. Ол 10 000 жағдайдың бірінде ғана кездеседі. Нұрсұлудың өзі жұмыссыз. Қайратты жалғыз өзі асырап отыр. Сондықтан ол мейірімді жандардың көмегіне зор үміт артады.

Қайратқа көмек қолын созамын деушілер оның анасына мына телефон нөмірі арқылы хабарласа алады: +7 777 176 02 48, Нұрсұлу Бекқарнаева.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров