Гүлшара Әбдіқалықова

"Атойлатып не керек?" "Ханның қызын" шығарып салуға шенеуіктер ғана келді

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Қызылорда облысының әкімі қызметінен кеткен Гүлшара Әбдіқалықова бүгін әуежайға жол тартты. Кезінде "ханның қызы" атанған онымен қоштасуға қарапайым халық емес, 5-6 шенеунік қана барыпты.

Әбдіқалықованың Қызылордадан кетіп бара жатқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұрынғы әкіммен қоштасуға келгендердің арасында өзінің орынбасарлары болған Балжан Шәменова, Қайрат Нұртай, Мархабат Жайымбетов жүр. Сондай-ақ қала әкімі Ғанибек Қазантаев та экс-әкімге бір құшақ гүлін алып, шығарып салуға келген.

Жалпы, Гүлшара Әбдіқалықованың қоштасу рәсімі Жамбыл облысының әкімі қызметінен кеткен әкімі Бердібек Сапарбаевтыкіндей болмады. Яғни Қызыллордада Сапарбаевты шығарып салуға келгендей топырлаған қауым жиналмады. Ән айтылмады. Гүлшара Әбдіқалықова көзіне жас та алмады.

Гүлшара Әбдіқалықова өзімен қош айтысуға келген бұрынғы әріптестерімен дастархан басына жиналды. Артынан ұшаққа мініп кете барды.

Бірақ желі қолданушылары аймақты екі жылдай басқарған әкімге ақ жол тіледі.

"Ақ жол болсын. Қиын-қыстау кезде елді басқарды. Әйел болса да, мықты екен", "Осылай шығарып салу керек қой. Атойлатып не керек? Соғысқа бара жатқан жоқ",

— деп жазды пікір білдірушілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров