Шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің Германияда алғашқы жеке концерті өтті

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

© DimashNews

Қазақстандық әншінің көптен күткен Еуропадағы шоу-концертіне Еуразия, Америка, Африка, Австралия құрлықтарынан фанаттары жиналды.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Димаш көпшілікке пандемияға дейін басталған "Арнау" турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Dimashnews-тің мәлім етуінше, концертте бірнеше тілдегі әндер орындалған. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған тыңдармандарға да дәл осындай әндер ерекеше әсер қалдырыпты. Әсіресе, ағылшын тіліндегі "Golden" және "Fly away" әндерін алаңға жиналған жұрт қосыла шырқаған.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews
© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Сондай-ақ таланты жерлесіміз қазақ тіліндегі бірнеше әнді шырқап беріпті. Қазақтың халық әндері шет елдерден келген Димаштың көрермендеріне қатты ұнаған.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Көпшілік тіпті Димашты сахнадан жіберместен "Дайдидау" мен "Махаббат бер маған" әндерін қайталап қосыла шырқады.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Ал Димаш Құдайберген концерт кезінде бірнеше рет көрермендер арасына барып, алғысын жаудырыпты. Соңында әнші жанкүйерлеріне жақын арада Прага қаласында жүздесетінін айтыпты.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Германияға ұшып барғанын жазған едік.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

© DimashNews© DimashNews
© DimashNews

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров