Newscorr

Орал қаласында жарықтандыру бағаналары тоналып жатыр

Экспресс К

Бейнеден кадр

Ақжайық шағын ауданында қаскүнемдер бағаналарды құлатып, кабельдерін сыпырып алып кеткен.

Жергілікті тұрғын жаңадан салынғалы жатқан шағын аудандағы жағымсыз көріністі Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдаған.

"Бүгін, 10 сәуірде осы аудан маңынан өтіп бара жатып, құлаған бағаналарды видеоға түсіріп алуды жөн көрдім. Өйткені дәл осындай жағдай биыл екінші рет қайталанып отыр. Бұл — адамдардың қолымен істелген әрекет",

— дейді бейнежазба авторы.

Әзірге үй де, жол да салынбаған жаңа шағын ауданның орнына әуелі осы жарықтандыру бағаналары орнатылған екен. Түптері бұрандамалармен бекітілген бағаналарды әлдекімдер кабелін алу үшін сұлатып кеткен.

"Барлығы 11 бағана құлап жатыр. Ішіндегі қалың қабельдерін сыпырып алыпты. Токқа түсемін деп те қорықпайтын не деген адамдар? Үкіметтің ақшасына салынған дүниелер емес пе?"

— дейді жанашыр азамат.

Шағын ауданды салынбай жатып шығынға ұшыратқан пайдакүнемдердің алыстан келмегенін айтады ол.

Бұған дейін Қостанайда 14 мың түп ағаш заңсыз кесілгені туралы жазған болатынбыз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров