Newscorr

Үйілген малдың өлексесі ауыл тұрғындарының проблемасына айналды

Экспресс К

Видеодан кадр

Ақтөбе облысындағы Берсиев ауылының маңында қыс пен көктемде қырылған мал өлекселерінің үйіндісі пайда болды.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына ауыл маңында жиналып қалған малдың өлексесі түсірілген видео жолдады.

Видео авторының айтуынша, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Берсиев ауылының тұрғындары қыс пен көктем бойы өлген мал өлексесін осы жерге төгіп келген. Ал оларды көмуге ешкімнің құлқы жоқ. Күн ысыған сайын бұл жер ауыл тұрғындары үшін нағыз проблемаға айналған.

Әлі де ауыл адамдары келіп, өлекселерді тастап кетіп жатыр. Оларды ешкім көмбейді, өртемейді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров