Украина

Украина Ресеймен сауда-саттық қатынасты толық тоқтатты

Экспресс К

©AP/Vadim GHIRDA

Украина Үкіметі Ресей Федерациясымен сауда-саттық қатынастарын жасауды тоқтату туралы шешімді заңды түрде бекітті.

Ресейден Украинаның кедендік аумағына тауарларды әкелуге тыйым салынады, деп хабарлайды Экспресс К.

Украина билігінің бағалауы бойынша, елдер арасындағы сауда қарым-қатынасының толық тоқтауы Ресей Федерациясына жылына кемінде 6 миллиард доллар шығын әкеледі.

Ресейдің Федералдық кеден қызметінің мәліметінше, өткен жылы Украина мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларға жеткен.

2015 жылдан бастап Украина Ресей Федерациясынан кейбір тауарларды әкелуге тыйым салды. Оларға ет, балық, кейбір сүт өнімдері, кофе, шай, тәттілер, алкоголь мен темекі, дәрі-дәрмек, тыңайтқыштар, өндірістік тауарлар, көлік құралдары, қағаз өнімдері жатады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров