Newscorr

Алматы облысында ауыл тұрғындары арықтан су ішуге мәжбүр

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына бес литрлік пластик бөтелкемен су тасып жүрген баланың видеосын жолдады.

Видеодан 10 жастағы баланың 15 литр суды әзер көтеріп келе жатқаны байқалады. Бір-біріне байланған ауыр пластик бөтелкелерді бірде мойнына, бірде иыңына салып тасып жүр.

Видео авторының айтуынша, Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Үйлеріне скважинамен су кіргізгенімен, онын сапасы нашар, денсаулыққа зиян. Амалы таусылған тұрғындар арықтан су тасып ішуге мәжбүр.

Айтуларынша, жер астынан қазып шығарған суға қарағанда арықтың суы таза көрінеді. Көпшілігі мұнда суды сатып алып ішеді. Ал жағдайы жоқтардың осылай арықтан тасудан басқа амалдары жоқ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров