Су тасқыны

Шығыс Қазақстанда су басқан үйлердің тұрғындары эвакуацияланды

Экспресс К

ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында су басқан үйлерден 36 адам эвакуацияланды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Үбе өзенінде су деңгейінің көтеріліп, салдарынан Речное ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

"9 сәуір күні таңертең көтерілген су әуелде 2 үй мен 3 үй маңындағы аумақты басты. Құтқарушылар 50-ден астам малды қауіпсіз жерге көшірді. 16 тұрғын, оның ішінде 2 бала туыстарының үйлеріне орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар мұз кептелген учаскеге аэровизуалды мониторинг жүргізді", — делінген ақпаратта.

20 сағат ішінде су деңгейі тағы көтеріліп, үйлерге кіре бастаған. Қазіргі уақытта барлығы 8 үй су астында қалды. Құтқарушылардың бақылауымен тұрғындар дереу үйлерінен көшірілді. 9-10 сәуір күндері 36 тұрғын, оның ішінде 10 бала туыстарының үйіне орналастырылды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 69 адам, 2 жүзу құралы, 11 мотопомпа және 8 техника, жергілікті атқарушы органдардан 20 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров