Newscorr

Атырауда көліктер тиеген арнайы техника өртеніп кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Құлсары елді мекенінде арнайы техника өртенді.

Экспресс К редакциясына көлік тасымалдайтын арнайы техниканың өртеніп жатқаны түсірілген видеоны Newscorr қолданушысы жолдады.

Видеода жиырмаға жуық ер адамның өртті өз күшімен өшіруге тырысып, жанталасып жатқанын байқауға болады.

Атырау облыстық ТЖД өздеріне бұл негізде шақырту түспегенін айтты.

Атырау облыстық полиция департаментіне де ешкім көмекке жүгінбеген.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров