Шаштараз

Елордада ер адам шаштаразды ұрып жіберді

Экспресс К

Видеодан кадр

Нұр-Сұлтандағы сұлулық салондарының бірінде болған жанжал әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Еңгезердей еркектің шынашақтай ғана шаштаразды шапалақпен салып жіберген видосы Facebook желісінде тарап кетті, деп хабарлайды "Экспресс К".

Салонның өзге қызметкерлері ер адамды сабырға шақырып, тынышталуын сұрайды. Алайда ашуға булыққан ол шаштаразды шапалақпен салып жібереді де, қасында тұрған кішкентай ұлына, "кеттік" дейді.

Шамасы ұлының шашын алдыруға келген ер адамға шаштараздың қызметі ұнамай қалған секілді.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзған 34 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған дерекке қатысты ер адам ҚР ӘҚБтК 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды,

-деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров