Автобус

Алматы облысында автобус аударылып, бірнеше адам ауруханаға түсті

Экспресс К

Видеодан кадр

Автобустың аударылғаны туралы видео жергілікті әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Хван және Сләмов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, салдарынан автобусқа соғылған.

"Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорға қалалық полициясының мамандары анықтап жатыр", — деп жазылған департаменттің дерегінде.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров