Шекара

Бүгін Қазақстан шекарасындағы шектеулер алынады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

11 сәуірден бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен арадағы құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады.

"Бірақ есте сақтау керек! ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, вакцинация паспорттарын өзара тануы бар болған кезде шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжат/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады", — делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешімінде.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров