Сарбаз

Жамбылда жоғалып кеткен сарбаз Қырғызстанда асылып тұрған жерінен табылды

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Ұлықбек Бердішов/Туыстарынан алынған фото

Шекара қызметінде жауынгерлік борышын өтеп жүрген Ұлықбек Бердішов биыл 2 наурызда "Андас батыр" заставасынан жоғалып кеткен еді. Оны әскерилер мен полициядан бөлек көптеген туыстары күні-түні іздеген болатын. Арада бір айдан астам уақыт өтсе де, Ұлықбектің ата-анасы балаларының тірі табыларына үміттеніп келді.

Туыстарының айтуынша, сарбаздың денесі өз белдігіне асылып тұрған жерінен табылған, деп хабарлайды Экспресс К.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Ең алдымен Ұлықбектің киімі табылыпты. Оған тиесілі заттарды көрші елдің таулы аймағында қой бағып жүрген қырғызстандық шопан кездестірген. Ол сол мезетте шекарашылар арқылы Бердішовтің туыстарына хабар беріпті. Олар қойшының көрсеткен жеріне барып, сол маңнан сарбаздың өлі денесін асылып тұрған күйінде тапқан.

Туыстарынан алынған фотоТуыстарынан алынған фото
Туыстарынан алынған фото

Баланың денесі салбырап тұр, тасқа байланған. Ісініп кеткен, иісі шыққан. Ол енді бір айдан бері сол жерде ілініп тұрған балаға мүлдем ұқсамайды,

— дейді Ұлықбектің нағашы ағасы Бауыржан Мереков.

Ұлықбектің жақындары жас жігіттің өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Олар сарбаздың жоғалып кетуі мен жұмбақ жағдайдағы өлімінің нақты себебін білгісі келеді.

Ол жер контрабандалық жол дейді. Малмен өтеді, есірткі тасымалдаушылар өтеді дейді. Сондай болғаннан кейін бала бір құпияны көріп қалды ма немесе біреу байқамай ұрып, өлтіріп қойды ма?

— дейді Бауыржан Мереков.

Ұлықбектің нағашы ағасы Бауыржан МерековҰлықбектің нағашы ағасы Бауыржан Мереков
Ұлықбектің нағашы ағасы Бауыржан Мереков

Сарбаздың өлімі неден болғанын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалыпты. Оны бірінші болып қырғызстандық мамандар өткізген. Қазіргі таңда Ұлықбек Бердішовтың мәйіті Тараздағы сот-сараптама орталығына жеткізілген.

Туыстарынан алынған фотоТуыстарынан алынған фото
Туыстарынан алынған фото

ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл оқиғаға байланысты ведомствоның ресми сайтында ақпарат жариялады. Ондағы мәліметке сай, сарбаздың өлімі бойынша Қырғыз республикасы Шу ауданына қарасты Панфилов аудандық ішкі істер бөлімімен тергеу шаралары қолға алыныпты. Әзірге тек Ұлықбек Бердішовтың қылқынудан қаза тапқаны ғана белгілі. Шекара қызметі марқұмның туыстарына жан-жақты қолдау көрсетілетінін де жеткізіпті.

19 жасар Ұлықбек Бердішовтың жоғалып кеткені жайында ЭК жазған болатын. Кейіннен сарбаздың туыстары "Аңдас батыр" әскери заставасындағы бірқатар кемшіліктерді жайып салған еді.

Ұлықбек Бердішов — Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының тумасы. Ол әскер қатарына былтыр күзде шақырылып, борышын өтеу үшін Жамбыл облысына жіберілген болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров