Французға тұрмысқа шыққан қазақ қызы 34 жыл бұзылмаған рекордты жаңартты


instagram.com/altayathletics
Француз спортшысына тұрмысқа шыққан қазақ қызы Жанна Мамажанова жаңа рекордымен қуантты.
Ол Нидерландының Роттердам қаласында өткен марафонда (NN marathon rotterdam) үшінші орын алды әрі Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Экспресс К.


Отандасымыз 42 шақырым 197 метрлік марафонды 2 сағат 26 минут 54 секундта жүгіріп өтті. Сөйтіп, Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Бұған дейін ел рекорды 1987 жылы 15 қарашада тіркелген. Ол кезде Зоя Иванова орнатқан.
Осы көрсеткішінің арқасында Жанна Орегонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Дүние жүзінің мықтылары 2022 жылдың 15-24 шілдесі аралығында жиналады.


Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жанна Мамажанова былтыр француз жігіті Марко Туриге тұрмысқа шыққан.
Оқи отырыңыздар:
Марко Тури де — спортшы. Ол 10 мың шақырымға жүгіруден Францияның үш дүркін чемпионы. Екеуі халықаралық жарыстарға бірге қатысқан. Олар сондай марафондардың бірінде танысыпты.
Жүрегім ештеңеге қарамастан сүю үшін осы адамды таңдады. Мен сені сүйемін,
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу