"Ерсі естіледі". Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келініне ұрса бастады


instagram.com/gulziraaidarbekova
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келініне сөйлеп тастады.
Осыны көрсететін видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.


Бейнежазбада Гүлзира дастархан үстінде көкөністерді турап, оны ыдысқа салып араластырып отыр. Қасында жаңадан түскен Жібек есімді келіні жүр. Продюсердің айтуынша, жаңа түскен келіні оған көкөністен салат әзірлеп бермеген. Гүлзира келіннің бұл әрекетіне ашуланып отырған сияқты.
Қарашы мына келінді. Өзінің байына салат турап, дайындап берді. Ал маған жоқ,
Оқи отырыңыз:
Видеоны көрген желі қолданушылары продюсердің әрекетін сынап тастады.
"Гулзираны мәдениетсiз деп ойламаппын". "Байына деп құрдас әйеліне айтса жарасады. Жаңа түскен келініне айтқан ерсі естіледі екен",
Жібек продюсердің үшінші ұлы Заңғардың келіншегі. Олар жақында үйленген болатын. Қайрат Нұртас інісінің үйлену тойына 500-ден астам адам шақырған еді.
Экспресс К бұған дейін Гүлзира Айдарбекова құдағиына 3,5 миллионның тонын кигізгенін жазды.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу