Су тасқыны

Атыраулықтар Батыс Қазақстан облысына 7 млн теңге жинап берді

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атыраулықтар үйлері суға кеткен Батыс Қазақстан облысының ауылдарына жеті көлік азық-түлік пен керек-жарақтарды жинап берді.

Сондай-ақ 7 миллион теңге қаржылай көмек те көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауылын су алып кеткен болатын. Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға атыраулық Газель жүргізушілері үш күн бойына халықтан азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық заттар қабылдады.

Халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Үйлері суға кеткен көршілерімізге осылай қолдан келген көмекті көрсетіп жатқанымызға қуаныштымыз. Кезінде Мақтааралдықтарға да осылай көмек көрсеткенбіз,

— дейді ұйымдастырушылар.

Гуманитарлық көмек тұрғындарға жетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров