Newscorr

Нұр-Сұлтанда молаларды су басып, әруақтардың тынышын кетіріп жатыр

Экспресс К

© Newscorr

Елорданың Байқоңыр ауданындағы зиратты су басып жатыр. Ал жақында ғана жерленген адамдардың қабірлері су астында қалды.

Аталған зираттар мұсылман қауымының мәңгілік мекені, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған фотосуреттерде бүкіл зират аумағы тілсіз жау қоршауында қалғаны және жақында ғана қойылған қабірлерді су шая бастағаны байқалады. Бірақ бұл қараусыз қалған ескі зират емес. Байқоңыр ауданының әкімдігіне қарасты арнайы мекеме қызмет көрсетеді.

Фото авторы жақында ғана ағасын осында жерлегенін айтады. Сондықтан зиратқа қызмет көрсетушілердің мынадай тірлігіне қатты қапалы екенін жеткізді.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Ал қарсы тарап болса зираттың аумағына дренаж жүйесін тарту үшін 80 миллион теңге бөлінгенін, бірақ ол ақша қолдарына тимегенін айтады. Оған қоса, оларға өздігімен суды соруға рұқсат жоқ әрі оған арнайы техникалары да жетпейді екен.

Сондықтан аталған зиратқа жерленген марқұмдардың туыстары бұл мәселеге Антикор мен Бас прокуратураның араласуын сұрайды. Өйткені олар сыбайлас жемқорлар өлілерді де тонауға көшкен деп отыр.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров