Көкпар

"Неге күйдіріп жүрсің?!" Көкпарда әкесіне жанкүйер болған бала көпті сүйсінтті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Көкпарға шыққан әкесіне болысқан кішкентай баланы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Ол серкені тартып ала алмаған әкесіне не істеу керектігін айтып тұрады.

Көкпарда әкесіне бапкер болуға тырысқан болған бала көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қыстың күні өткен көкпарда бір топ жігіт серкеге таласып жатқан сәтте балуандардың бірінің баласы шетте тұрып айғайлады. Ол әкесіне не істеу керектігін айтып, айналасын күлкіге көмді.

"Әке! Немене күйдіріп жүрсің? Болсаңшы. Берме! Тақымға қыс. Бас! Қамшыны бас!", — дейді балақай шетте тай үстінде тұрып.

Кішкентай баланың бұл әрекетін көрсететін видео бірден желіде таралып кетті. Көпшілігі оның есімінің Айсұлтан екенін, дүбірлі доданың Қытайдағы қазақтар қалың қоныстанған аймақта болғанын жазған. Барлығы балақайдың әрекетіне сүйсініп, "болашақ көкпаршы" деп те атайды.

"Әкесі көкпарға шыққанда баласы тақымын қысыпты ғой", "Намысшыл! Жарайсың, балақай!", "Тай мінген алтыным", "Нағыз қазақтың баласы", "Болашақ батыр ғой. Блогер болыр кетіп күйдіріп жүрмесе" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров