Дәрігерлер Шымкентте аттракционнан құлап кеткен жас жігіттің жағдайын айтты


Видеодан кадр
Шымкенттегі "Жайлаукөл" саябағында аттракционнан құлап кеткен 19 жасар жігітке шұғыл түрде операция жасалды.
Бұл оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Экспресс К.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастың жағдайы ауыр деп отыр.
"10 сәуірде қаладағы саябақтардың бірінен 103 қызметіне ер адамның биіктен құлап, жарақаттанғаны туралы шақырту келіп түскен. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеру барысында пациенттің бас сүйек маңдайшасы жарақаттанғаны анықталып, шұғыл операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр", — дейді басқармадағылар.
Оқи отырыңыз:
Полицейлер оқыс оқиға бойынша қылмыстық істі тіркеді.
"Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", — дейді Полиция департаментіндегілер.
Экспресс К бұған дейін саябақтағы өрмелеу қабырғасынан (скалодром) жас жігіттің құлап кеткені туралы жазды.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу