Рамазан

"Оразаны бұзсаңыз, iPhone 13 беремін". Желідегі пранк жұрттың ашуына тиді

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Рамазан айында қара нәсілді жігіттің оразасын бұзу үшін жасалған пранк жұрттың ашуына тиді.

Қымбат сыйлық беремін деген қызды тіпті оқырмандар сайтанға теңеуде, деп хабарлайды Экспресс К.

Көшеде аузын бекіткен өзге ұлт өкіліне қалжыңдаған қыздың бейнежазбасы Іnstagram-дағы Кyzykta парақшасында жарияланды. Видеодан бойжеткеннің қолына қымбат телефон мен су ұстап жүргенін көруге болады. Ол тіпті қара нәсілді азаматқа оразаны бұзып, суды ішсе, қолындағы ұялы телефонды сыйға беретінін айтады.

"Сәлеметсіз бе! Сіздің аузыңыз берік пе? Мына суды ішсеңіз, қолымдағы iPhone 13 телефонын сыйға тартамын" деген қызға әлгі азамат "жоқ" деп жауап береді. Десе де оның ойын екінші серіктесі келіп бұзбақ болған. Осы сәтте қара нәсілді жігіттің суды лақтырып жібергенін байқайсыз.

Желідегі бұл пранк жұрттың ашуына тиді. Оқырмандар Рамазан айында дәл осылай қалжыңдау өте ұят дегенді алға тартқан.

"Бейшара, сайтандар". "Қазақтарды сорлы қылып көрсеткендерің не? Өте ұят". "Мына қызды орнына қоятын адам бар ма?", "Жаман ойын ойнап жүрсіңдер. Ертең жазасы ауыр болады",

— деген пікірлерін жазған желідегі жұрт.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров