Тұрғындар ресейлік банктерден ақшаларын жаппай алып жатыр


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Соғыс пен санкция салдарынан еліміздегі ресейлік банктер қиыншылықтарға тап болып жатыр.
Қазақстандықтар ел аумағында жұмыс істейтін ресейлік банктерден ақшаларын жаппай шешіп алуда, деп хабарлайды Экспресс К.
Салымшылар соңғы айларда Сбербанк, Альфа-Банк және ВТБ банктерінен 1 триллион 82 миллиард теңге қайтарып алған. Тұрғындар банк белгілеген лимит бойынша күн сайын банкоматтардан ақшаларын кедергісіз шешіп алып, қосымшалар арқылы аударымдар жасай алады. Ал Альфа-Банкте қазір доллар және еуромен ешқандай қаржылық операция жасауға болмайды.
Оқи отырыңыз:
"Бұл банктердегі есеп-шоттардың 4 пайызы ғана жабылды", — деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіндегілер.
ЭК осыған дейін елімізде Сбербанк карталарының жұмысы шектеліп, қолайсыздықтар болатынын хабарлаған еді.