Шоу-бизнес

"Көк есекке мінген көкбет қатын". Индира Расылханның қылығы елдің ашуына тиді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/indirarasylkhan

Әнші Индира Расылхан жаңа видео жариялаймын деп сынның астында қалды.

Бірақ өнер иесі жағымсыз пікірлерге еш налымайды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда Расылхан көліктің ішінде күліп отыр. Өзінің айтуынша, ол жағымсыз пікірлерді оқығанда шабыттана түседі екен.

"Жағымсыз пікірді оқығанда, мен шабыттанамын. Менің өткенім бір адамға болсын ұнамағанына қуандым. Иә, ол қателік. Оны мойындау керек. Бірақ қателестім екен деп, басымды салбыратып жүре бермеймін ғой. Қателіктер арқылы адам түзелетінін түсінсе болғаны. Мен қателіктен қорықпағанмын, қорықпаймын да. Өмір жайлы өз пайымым бар адаммын. Ол сіздің өмір сүру толқыныңызға келмеуі де мүмкін", — дейді Индира.

Индираны желіде сынап жатқандар жетерлік.

"Көк есекке мінген көкбет қатын екенің бетіңде тұр. Орамал тағып алған дарақы бір шаңырақты бұзғаның аз ба?", "Енді осы күнәңді қыздарың көтереді", "Ақыл айтпай-ақ қойшы",

— деп жазды жел қолданушылары.

Индира былтыр екінші күйеуімен ажырасқан еді. Екеуінің екі жаққа кетуіне дуа себеп болған көрінеді. Экспресс К бұған дейін танымал әнші отырған көлік адам қағып кеткенін жазды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров