Қоқыс

Қостанай облысында ет комбинаттары қоқысқа төккен сүйек-саяқты жұрт талап әкетті

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

© KazEcoPatrol

Тобыл қаласының маңындағы полигонға жақын орналасқан тұрғындар қаны сорғалаған сүйек-саяққа лап қойып, оларды қап-сөмкелерімен тасып әкеткен.

Бұл жағдайға облыстық KazEcoPatrol ұйымының белсенділері куә болыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Экологтар құзырлы органдардан Қостанай, Тобыл қалаларындағы, Заречный кентіндегі сорақылықты, яғни санитарлық нормаларды өрескел бұзу деректерін назарға алуды өтінді.

© KazEcoPatrol© KazEcoPatrol
© KazEcoPatrol

Ет өңдеу зауыттары сойылған малдың қалдықтарын жайбарақат әкеліп, қоқыс орнына төгіп жатыр. Негізінде, бұлар, санитарлық нормада жазылғандай, қалдықтарды көмудің талаптарын орындауы қажет қой. Бұл ең әуелі қоршаған ортаға зиян емес пе?

— дейді экобелсенділер.

© KazEcoPatrol© KazEcoPatrol
© KazEcoPatrol

Фотосуреттер осы жылдың наурыз, сәуір айларында түсірілген. Дегенмен әлі күнге дейін бұл деректер бойынша әкімдік те, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері де, ветеринария басқармасы да ешқандай түсініктеме бермеді.

© KazEcoPatrol© KazEcoPatrol
© KazEcoPatrol

Экспресс К тілшісі Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарласқан. Департамент мамандары осы жағдай бойынша жауап әзірленіп жатқанын, оның алдағы аптада дайын болатынын айтты.

© KazEcoPatrol© KazEcoPatrol
© KazEcoPatrol

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров