Ораза

Кептелісте тұрған жүргізушілерге құрма мен су таратқан жастар жұртты сүйсінтті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жаңбырлы күні көлік жүргізушілеріне құрма мен су таратқан ақтөбелік жастардың видеосы жарияланды.

Видео aktobe_zello парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода жастар жүргізушілерге құрма мен су салынған қораптарды таратып жүр. Бейнежазба авторы жігіттердің жаңбырға қарамастан осындай сауапты іспен айналысып жүргеніне риза болған.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жігіттердің әрекетіне сүйсініп, түрлі пікір жазған. Бірі "Алла разы болсын! Ауызашарға үлгере алмай қалады деп әкеліп жатыр ғой" десе, енді бірі "Қандай тамаша! Ниеттерің қабыл болсын! Жүректерінде иманы мен мейірімі бар азаматтар" екен деп алғыстарын жаудырған.

Ал біреулері көлікте отырғанда өздеріне де осындай құрма мен су әкеп берілгенін айтқан.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров